Қазақстанға келгенімізде жақындығымызды сезінеміз - Виктор Орбан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мажарлықтар туыстығын жақсы сезінеді. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен болған келіссөздерден кейін Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан
None
None

осылай мәлім етті. Екі ел арасындағы ынтымақтасты жаңа жоғары деңгейге шыққанына тоқталған ол: «ҚР Премьер-Министрі сапармен Мажарстанға келгенде, бұл сапар бізге өте үлкен әсер берді. Яғни, осы сапар аясында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы достық нығая түсті. Атап айтқанда, біз Қазақстанға үлкен қуанышпен келеміз. Бізді Еуропалық одақта саяси тұрғыда тең құқылы серіктес деп санайды. Алайда шығу тегіміз бойынша біз ол жерде бөтенбіз. Брюссельге барғанымызда, біздің онда туыстарымыз жоқ. Ал Қазақстанға сапарлаған кезде, жақындығымызды сезінеміз. Сондықтан да мажар делегациясы сіздерге үлкен қуанышпен сапарлайды», - деді В.Орбан.

Сөз соңында ол Мажарстан тарапы мақсатты түрде Қазақстанмен арада терең ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар