Қазақстанға оқуға келетін ауған жастарынан қауіп бар ма – ҚР СІМ жауабы

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанға оқуға келетін ауған жастары туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Қазақстанға білім алуға келетін ауған жастарына қандай талаптар қойылады? Олардың арасында радикалды студенттер болмай ма?», - деп сұрақ қойды тілшілер ҚР СІМ-нің апталық брифингінде.

«Ауған студенттері бізде бірнеше жылдан бері оқып келеді. Біздің тарапымыздан арнайы бағдарламалар бойынша ЖОО-лар білім береді. Ал оның шығындарын Еуропалық одақ төлейтін. Толығымен еуропалық бағдарламамен оқытылады. Студенттер мұнда жіберілмес бұрын тексеруден өтеді, виза құжаттарын тапсырады. Сондықтан, олардан қорқу –негізсіз. Бұл – білім алғысы келетін қарапайым студенттер», - деп жауап берді Айбек Смадияров


Соңғы жаңалықтар