Қазақстанға Ресейден санитарлық ұшақпен екі айлық бала жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының жәрдемімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рейсті ҚР Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрліктері ұйымдастырды.

Нәресте елордаға жеткізілгенге дейін мамандар оның диагнозын алдын-ала зерттеп, келген соң, бірден жедел емдеуді бастады.

Нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты. Еліміздің медицина қызметкерлері емдеудің толық бағдарламасын жүргізетін болады.


Соңғы жаңалықтар