19:07, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанға Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Вук Еремич келеді
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 17-18 қарашада Қазақстанға ресми сапармен Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Вук Еремич келеді. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев журналистермен болған брифингте айтты.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, сапар барысында мәртебелі мейман Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен және тағы басқа да үкіметіміздің мүшелерімен кездеседі. Тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегін, құқықтық-келісім базасын нығайту мен халықаралық және аймақтық деңгейдегі өзекті деген мәселелер бойынша да пікір алмасады.