Қазақстанға Түркі мемлекеттері ұйымының шеңберінде электоралдық ынтымақтастық не үшін қажет

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылғы 14 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерінің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы туралы ереже қабылданды.

Айдар Құрмашев
Фото: ҚЗСИ

— Бұл Қазақстан Президенті 2023 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде ұсынған бастаманың жалғасы. Құжатқа қол қою түркі мемлекеттерінің Орталық сайлау комиссия басшыларының, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта өтті. Оқиға техникалық сипатта көрінгенімен, стратегиялық маңызы зор, — деп жазды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Айдар Құрмашев Telegram парақшасында. 

Сарапшының айтуынша, соңғы жылдары Түркістан халықаралық кездесулер өтетін маңызды алаңға айналып келеді, бұл жолы ол тек мәдени тұрғыда ғана емес, институционалдық деңгейде де өз мәртебесін нығайтты.

— Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылдың прагматикалық форматын алға тарту үшін осындай іс-шараларды пайдаланып отыр. Бұл декларативті емес, нақты рәсімдер мен нәтижелерге бағытталған қадам, — деді ол.

Сондай-ақ Айдар Құрмашев сайлау тақырыбы — елдің ішкі ісіне араласпай, қауіпсіз, ортақ тәсілдерді талқылауға болатын сала.

— Қазақстан ынтымақтастықты тәжірибе алмасу, сайлауды байқау, әдістемелік материалдар әзірлеу арқылы құруды ұсынып отыр. Бұл жұмыс істейтін, түсінікті сала, мұнда әртүрлі саяси жүйедегі елдер тыныш әрі нәтижелі қарым-қатынас орната алады. Неліктен Түркі мемлекеттері ұйымының байқау миссиясын одан әрі дамытуды ойламасқа? — делінген жарияланымда.

Сарапшының пікірінше, электоралдық органдар платформасы түркі ынтымақтастығын жүйелі және саяси конъюнктураға аз тәуел етеді.

— Қазақстан үшін өңірлік бастамалардың ұзақмерзімді жұмыс істеуі құжаттар, кездесулер мен кәсіби желілер арқылы маңызды. Сондықтан да мемлекеттер арасында сенім мен болжамдылық инфрақұрылымын қалыптастыру, ынтымақтастықтың көлденең тінін күшейту қажет, — деп түйіндеді А. Құрмашев. 

Айта кетейік, бүгін Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды. 

Кәрі құрлықтағы түркі тектес ел – Мажарстанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай дүниелер талқылануы мүмкін? Kazinform-ның аналитикалық шолушысы осы тақырып жөнінде толғап көрді.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз

Соңғы жаңалықтар