Қазақстанға жақын Қытай аумағында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамызда 21 сағат 19 минут 41 секундта жерсілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК сайты хабарлады.

Қазақстанға жақын Қытай аумағында жер сілкінді

«Жерсілкінісі эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік- шығыста 306 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Оның энергетикалық сыныбы 9.9. Тербелісі - 4.3. Эпиорталығы с.е. 40.65° ш.б. 78.31°. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді», делінген хабарламада.