Қазақстанға жұмыс сапарымен Грузия Премьері келеді

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 6-7 желтоқсанда елімізге жұмыс сапарымен Грузияның Премьер-Министрі Николас Гилаури келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, Қазақстанға сапары барысында Грузия Премьер-Министрі Николас Гилауридің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесулері жоспарланған.

«Бұндай кездесулер барысында екі мемлекеттің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың болашағын дамыту мәселелері сөз болмақ. Бұдан бөлек, халықаралық ұйымдар аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау да көзделіп отыр», - деді А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар