Қазақстанның ІТ экспорты 700 млн долларға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл еліміздің ІТ-экспортының көлемі 700 млн долларды құрады. Бұл туралы бүгін жыл қорытындысына орай БАҚ өкілдерімен кездескен Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Объем IT-экспорта Казахстана составил $700 млн
Фото: ҚР Үкіметі

Оның айтуынша, бүгінде Astana Hub алаңы шамамен 2 мың ІТ-компанияның басын қосып отыр. Бүгінде хаб желісі 20 өңір мен 4 халықаралық алаңды қамтиды. Алаң қатысушыларының табысы 800 млрд теңгеге жетіп, 20 пайыз өсім көрсетті. Ал еліміздің ІТ-экспортының көлемі 700 млн долларды құрады.

- Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам отандық стартап шетелдік нарықтарға шықты. Экожүйеде өңірдің алғашқы технологиялық қуатты Higgsfield.ai құрылды. Венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін Qazaqstan Venture Group құрылды. Оның мақсатты көлемі 1 млрд долларды құрайды. Қазіргі уақытта оның 115 млн доллары тартылды, - деді вице-премьер.

Осыған дейін мемлекеттік қызметшілерге жасанды интеллект курстары міндетті болатыны туралы жазды.

 

Соңғы жаңалықтар