Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді – Си Цзиньпин
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз өзгермейді. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен айтты.
Си Цзиньпин өз сөзінде Бейжіңнің Қазақстанға қатысты саясаты өзгеріссіз қалатындығын айтты.
«Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де Қазақстанмен достықты сақтауға деген ұмтылысымыз және көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға деген шешіміміз және негізгі мәселелер бойынша бір-бірімізді қолдауға деген ұмтылысымыз өзгеріссіз қалатынын тағы да атап өткім келеді. Ұлттық даму міндеттерін орындауға деген сеніміміз де өзгеріссіз қала береді», - деді Қытай басшысы.
Айта кетейік, келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар тұрақты әлеуметтік, экономикалық дамуға, халықтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға зор септігін тигізіп отырғанын баса айтқан еді.
Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында күтіп алған еді.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.
Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды.
Сонымен қатар кеше Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин достық рәуіште кездесу өткізді.