Қазақстанмен тығыз серіктестікті қалаймыз – Германия Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Германия үшін өңірдегі маңызды экономикалық серіктес саналады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасау барысында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

«Біз Қазақстанмен және Орталық Азия мемлекеттерімен үлкен, барынша тығыз серіктестікті қалаймыз. Президент Тоқаевпен елдеріңіздегі ахуалды ашық әрі барынша жан-жақты талқыға салдық. Қазақстан Германия Федеративті Республикасы үшін саясат, мәдениет, сонымен қатар экономика салаларында ортаазиялық өңірдегі басты серіктес саналады. Таяу жылдары қарым-қатынасты одан ары нығайта түскіміз келеді», - деді Германия Президенті.

Сонымен қатар Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Германияның өңірдегі маңызды серіктесі екендігін баса айтты.

«Германияның Орталық Азия елдерімен сауда-саттығының 80 пайыздан астамы сіздердің елдеріңізге тиесілі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар