Қазақстаннан 7 мыңнан астам шетелдік шығарылды

 Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден күштеп шығарылды
Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізге келген шетелдіктерге қатысты деректерді жариялады.

«Былтырғы 12 айда шетел азаматтарының келуі туралы 1,5 млн хабарлама келіп түскен. Негізінен олар көрші елдің азаматтары. 584 мың адамға уақытша тұруға рұқсат берілді, оның 489 мыңы жұмысқа рұқсат алды, 10 116 адам тіркелді, 376 ЖСН рәсімделді», - деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 73 412 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты. Бұл ретте 7739-ы елден шығарылды.

Соңғы жаңалықтар