Қазақстаннан Ауғанстанға 27 вагон гуманитарлық жүк жөнелтілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 1659 тонна гуманитарлық жүк бөлінді.

гуманитарлық жүк
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гуманитарлық көмектің бірінші партиясы, яғни 70 шатыр және «СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмектері 11 қазанда Ауғанстанның Герат қаласына ҚР Ұлттық ұланының ұшағымен жеткізілді.

27 теміржол вагонында тиелген гуманитарлық жүк (ұн, күріш жармасы, өсімдік майы, сүт консервілері, кереуеттер, төсек-орын жабдықтары, киім) Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан жөнелтілді.

Тиеу жұмыстарын ҚР ТЖМ 28237 және 52859 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қамтамасыз етті.

гуманитарлық жүк
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
гуманитарлық жүк
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
гуманитарлық жүк
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар