Қазақстаннан биыл 12 мың тоннаға жуық ет пен ет өнімдері экспортталды - АШМ
Тоқтала кететін жайт, 2014 жылдың 19 желтоқсанында Ауыл шарашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне Ресейлік Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды. «Бұл қазақстандық және ресейлік қызметтердің тиімді әрі өзара әрекеттесу жұмыстарының және Халықаралық эпизоотикалық бюроның жәрдемдесуінің арқасында мүмкін болып отыр. Халықаралық бюромен белгіленген өлшемдерге сай Қазақстандағы аусыл бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты», - делінген баспасөз баянында. Еске сала кетейік, бірнеше жыл бұрын Қазақстанда Кедендік одақ шеңберінде мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының аумақтарында буферлік аумақ құрылған болатын. Осылайша, осы аймақтардан республиканың басқа облыстарына және Ресейге жануарлардың қозғалысы мен мал шаруашылығы өнімін тасымалдауға осы уақытқа дейін тыйым салынған еді. 2014 жылдың тамызында қазақстандық тараптың мақсатты жүргізілген шаралардың және Россельхознадзормен өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысындағы шектеу алынып, Ресей Федерациясына мал өнімдерін шығару жөнінде рұқсат берілді. «Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Россельхознадзормен Қытай және Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысының 4 ауылдық округы мен Алматы облысының 5 ауылдық округтерін қоспағанда, бұрын шектеу қойылған аймақтардан Ресей Федерациясы территориясына ет экспортымен ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау мәселесі жолға қойылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін ресми түрде алу үшін Халықаралық Эпизоотиялық Бюросына екі өтінім берді. Халықаралық сарапшылардың миссиясынан және осы мәселеге байланысты құжаттар жинағы қаралғаннан кейін 2015 жылдың мамырында өтетін ХЭБ-тың кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасының аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу мүмкіндігі күтілуде. Бұл Еуропалық одақ пен ДСҰ елдеріне мал өнімдерін экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді», - делінген баспасөз баянында.