Қазақстаннан екі спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Оберстдорф қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогінің кезеңі басталды.

Данил Васильев пен Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында іріктеу сайысына қазақстандық спортшылар Данил Васильев пен Илья Мизерных қатысты. Екі спортшы да финалдық кезеңге шықты.

Васильев іріктеу сайысында 38-орынға ие болса, Мизерных 42-орынмен аяқтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 29 желтоқсанда анықталады.

Айта кетейік, теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингінің үздік бестігіндегі орнын сақтап қалды.

Милан Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасы киім формасының үлгілері жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум