Қазақстаннан Францияға заңсыз шығарылған капиталды тәркілеу мүмкіндігі болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Францияға заңсыз шығарылған капиталды пайдалануға шектеу қоюға болады. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылдады.

Осы орайда депутат Ерлан Саиров Қазақстаннан шетелге заңсыз кеткен капиталға қатысты сұрақ қойды.

«Францияда Қазақстан халқына тиесілі капитал табылса, осы шарт аясында бұл қаражатты елімізге қайтарудың тетіктері ескерілген бе», - деп сұрады депутат.

Өз кезегінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев аталған құжат аясында банк шоттарын алуға, тінту мен мүлікті тәркелеу қадамдары ескерілгенін айтты. Капиталды қайтару мәселесі екі жақтан сұрау салу арқылы жүргізіледі.

«Бұл келісімшартта тиісті іс-шаралар көрсетілген. Қылмыстық жолмен тапқан ақша Францияға шығарылғанын көрсек, бұл елге сұрау жолданады. Олардың тергеу органдары банк шоттарын анықтап, бізге ақпарат береді. Сондай-ақ біздің сұрау бойынша бұл қаражатқа шектеу қояды. Мұнымен қоса, тәркілеу жүргізу қадамдары да ескерілген. Осы орайда бұл заңсыз шығарылған қаражатты пайдалану мүмкін болмайды», - деді Ә. Шындалиев.


Соңғы жаңалықтар
telegram