Қазақстаннан шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасы Ресейге тексеруге жіберілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасының тәжірибелік партиясының сапасын тексеруге Ресейге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған 6 мың доза «Спутник V» вакцинасының тәжірибелік партиясының сапасын тексеруге Ресейге жіберілді. Вакцина өндірісі толық 2021 жылдың қаңтарында басталады деп жоспарлануда. Зауыт ай сайын кемінде 300 мың доза шығарады», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.

Алдын ала болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті және созылмалы өкпе аурулары бар тәуекел тобына кіретін адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынатын болады. Вакцина алатындардың болжамды саны 2 347 000 адамды құрайды.

Денсаулық сақтау министрлігі вакциналау - инфекциялық аурулардан қорғанудың тиімді әдісі екенін жеткізді. Қазақстандық ғалымдар 7 вакцина дайындау технологиясын жасады. Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болуы мүмкін екені де айтылды.


Соңғы жаңалықтар