08:11, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Қазақстаннан Талдықорғанда заңсыз жұмыс істеп жүрген шетел адамдары шығарылып жатыр - қалалық прокуратура
ТАЛДЫҚОРҒАН. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорған қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасының орындалуына,
![None None](/static/img/plug.webp)
ҚР аумағына шетел адамдарының келу тәртібін тексеру барысында уәкілетті органдардың сәйкес шешімінсіз шетел адамдарын жұмысқа тартуға қатысты фактілерді анықтады.
Талдықорған прокуроры Бауыржан Сауғабаевтың айтуынша, «LZ» ЖШС-сын (металл құрылымдарын шығарумен айналысатын зауыт) тексеру барысында уәкілетті органның тиісті шешімінсіз жұмыс істеп жүрген Қытай Халық Республикасының бес азаматы ұсталды.
Қалалық прокуратураның талабымен Талдықорған қаласы ІІБ көші-қон полициясының бөлімі әкімшілік іс қозғады.