22:20, 27 Қараша 2023 | GMT +5
Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
28 қараша күні Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қарағанды, Атырау, Ұлытау облыстарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде жел шығыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады.
Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Жетісу облыстарында көктайғақ болып, тұман түседі.
Павлодар, Шығыс – Қазақстан және Абай облысында тұман түседі.
Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.