Қазақстанның 14 өңірінде 43 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 17 шілдеде еліміздің 14 облысында қатты ыстық, найзағай, бұршақ және өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Абай облысы
Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыс жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Аптап ыстық – 35-38°C. Солтүстік-батыс пен орталықта жоғары, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
Батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35°C аптап ыстық. Өңірдің батысы, солтүстігі және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысы
Түнде батысы мен орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Жел - 15-20 м/с. Күндізгі температура – 35-37°C. Өрт қаупі – орталық пен оңтүстікте өте жоғары, солтүстігі мен батысында – жоғары.
Атырау облысы
Солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-38°C. Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде – өте жоғары, батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде орталығы мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Жел - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с. Күндіз оңтүстігінде 36°C ыстық болады. Өрт қаупі жоғары.
Жамбыл облысы
Жел - 15-20 м/с. Күндіз - 38-41°C аптап ыстық. Өңірдің батысы, шығысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысы
Батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз - 35°C ыстық. Өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысы
Батысы, солтүстігі және шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Түнде тұман болады. Жел - 15-20 м/с. Күндіз оңтүстікте 36°C ыстық. Өрт қаупі – оңтүстік-батыста өте жоғары, оңтүстік-шығыста – жоғары.
Қызылорда облысы
Күндіз 40-43°C қатты ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.
Қарағанды облысы
Солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-38°C ыстық. Солтүстігі мен шығысында – жоғары, батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз 38-40°C аптап ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.
Павлодар облысы
Солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел - 15-20 м/с. Күндіз 35°C ыстық. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батысы, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде тұман түседі. Жел - 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Батысы мен шөлді аумақтарында 40°C ыстық. Өрт қаупі – өте жоғары.
Ұлытау облысы
Солтүстігі мен шығысында жел - 15-20 м/с. Күндіз 35-39°C аптап ыстық. Оңтүстік бөлігінде – өте жоғары, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.