Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы елге жеткізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның 467 азаматы Дубайдан Оман арқылы бүгін елге жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.

Ұшақты мұздан тазарту неге жолаушылар отырғызылғаннан кейін болады
Фото: Астана әуежайы

Оның айтуынша, әуе қатынасының шектеулі болуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатарда жүрген Қазақстан азаматтары көршілес 2 ел аумағы арқылы шығарылады.

- Бүгін Дубайдан азаматтарымыз мінген автобустардың алғашқы легі Оман сұлтанатына жолға шықты. Осы күннің соңына дейін Қазақстанның 467 азаматын Оман сұлтандығынан Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - деді ол Үкімет отырысынан кейін.

Министр орынбасары Қатардағы азаматтарымыз Сауд Арабиясының Жидда қаласына жеткізілетінін айтты.

- Адамдарды Қатардан автобус арқылы Эр-Ридяқа, одан Жиддаға жеткіземіз. Одан кейін Жиддадан әуе компанияларымыздың бортымен Қазақстанға оралады, - деді Әлібек Бақаев.

Бұған дейін Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылатынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум