Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

ауа сапасы
Фото: Рixabay

«2024 жылғы 4 наурызда Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.