Қазақстанның алтын қоры: оған кім жауапты

алтын құйма
Фото: Akio Kon/Bloomberg

Қазақстанда қаржы нарығын, экономиканы тұрақтандырушы рөлін ойнайтын мемлекеттік алтын қоры бар. Оған Ұлттық Банк жауапты. Бізде қазір 19,76 миллиард долларға бағаланатын алтын сақтаулы. Ол алтын-валюта резервінің ішіне кіреді. Ия, бұл алтындар бізде физикалық пішінде, яғни метал түрінде арнайы қоймаларда сақталады. Қазақстан бұл алтындарды көбіне сырттан сатып алмайды. 1994 жылдан бері жұмыс істейтін ереже бойынша, елімізде алтын өндіретін компаниялар өз алтынын Ұлттық Банк талап етсе, алдымен Ұлттық Банкке сатуы тиіс. Сол себепті, қоймада жатқан алтынның барлығы дерлік – өз жерімізде өндірілген бағалы метал.

Айтпақшы, алтынның да минустары болады. Мәселен, алтын сақтаушы рөл атқарып, өсімге қызмет етпейді. Демек, алтын сақтау – өз ақшаңды еш көбейтпей, тек сол күйі ұстап отыру дегенді білдіреді. Қазақстан ұзақ жылдар бойы осы жолмен жүріп келді. Бірақ соңғы 2 жылда біз өз стратегиямызды өзгерте бастадық, яғни Ұлттық Банк резервіндегі және Ұлттық Қордағы алтынның үлесін азайтып, өсімді көбірек беретін құнды қағаздар үлесін арттыруды көздеп отырмыз. Сонда біз өз жинағымызды тиімді пайдаланатын боламыз.

Осы ұстанымға сай, Ұлттық Банк 2022 жылы сыртқы нарыққа 120 тонна алтын сатып, одан 7 миллиард доллар алды. Осының арқасында алтынның резевтердегі үлесі 58 пайызға дейін төмендеген еді. Биыл Ұлттық Банк жылдың бірінші жартысында тағы 67 тонна алтын сатты да, осы үлесті 50 пайызға дейін түсіруді жоспарлап отыр. Сондықтан сыртқы нарықтарда алтын сатуын жалғастыра береді.

Бүгінде Қазақстанда қанша алтын бар?

Елімізде қазір 310 тонна мемлекеттік алтын бар. Оның көлемі бойынша біз әлемдегі алғашқы 20 мемлекеттің тізіміне ғана кіреміз. Бірінші орын АҚШ-қа тиесілі. Сондай-ақ, Германия, Италия мен Францияның орталық банктері ең көп алтын ұстап отырған мемлекеттер тізіміне кіреді.

Соңғы жаңалықтар