Қазақстанның әйелдер құрамасы семсерлесуден алғаш рет Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

АСТАНА.KAZINFORM - Семсерлесуден Үндістан астанасы Делидегі сары құрлық додасының кезекті күнінде сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарысы өтіп жатыр.

в
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған командамыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен тас-талқанын шығарса, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, енді санаулы сәттен кейін олар былтырғы Азия чемпионатының финалисі, Олимпиада ойындарының 2 мәрте жүлдегері Оңтүстік Кореямен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, маунтинбайктан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады.