Қазақстан өңірлерінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

дождь, лето
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Астана және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 25-маусым күні Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы Жетісу облыстарында күн күркірейді.

Ұлытау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Абай облыстарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында нөсер жауын мен бұршақ жаууы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар