Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.

30 маусымда Астанада найзағай күтіледі.
Ақмола облысында түнде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жасын ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және облыстың солтүстігі мен батысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болуы ықтимал.
Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысына тұман түсуі мүмкін. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай ауданының батысында және орталығында жауын-шашын болады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Жаңбыр соңы бұршаққа ұласуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Жетісу облысының орталығында және таулы аймақтарда түнде найзағай күтіледі.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнайды деп болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында да өрт қаупі жоғары.
30 маусымда Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнауы ықтимал. Күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында және солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.