Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ауа райы, жаңбыр, найзағай
Фото: freepik

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 12 тамыз күні таңертен және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертен және күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

12 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

12 тамызда Атырау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сакталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай, күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с.

12 тамызда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

12 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.

12 тамызда түнде Қостанай облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

12 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.

Осыған дейін Алматыда отшашуға тыйым салынып, автокөліктер үшін ақылы аймақтар енгізілуі мүмкін екені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар