Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді
АСТАНА. KAZINFORM — 2 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрден асып, ауа температурасы түнде −5 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.
Түркістан облысында түнде солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің, ал солтүстігі мен таулы аудандарында жел екпінінің жылдамдығы секундына 15–20 метрге жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстігі мен батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Облыс орталығында жоғары, ал жалпы өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауады. Күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірде жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел біртіндеп оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Шығысы мен орталығында жоғары, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Көкшетау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең орталығында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады.
Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз солтүстігінде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында жоғары, ал батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысы мен таулы аудандарында секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» 2026 жылғы қазан айына арналған нақтыланған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын. Болжамға сәйкес, Қазақстанда ауа температурасы −10 градусқа дейін төмендеп, қар жаууы мүмкін. Сонымен қатар кей кезеңдерде күн райы қайта жылынып, ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі.