Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Еліміздің бірқатар өңірде жел күшейіп, жолдар көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Атырау облысы
16 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Маңғыстау облысы
16 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 16 қарашада солтүсік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысы
16 қарашада түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда 16 қарашада оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.
Астана
Астанада 16 қарашада түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысы
16 қарашада түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
16 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Қарағандыда 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
16 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда 16 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысы
16 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Қостанайда 16 қарашада түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
16 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Өскеменде 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
16 қарашада Ақтөбе облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысы
16 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Таразда 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысы
16 қарашада түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылордада 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 16 қарашада тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
16 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысы
16 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 16 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
16 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда 16 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысы
16 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Павлодарда 16 қарашада тұман күтіледі.
Абай облысы
16 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Бұған дейін 2026 жылғы 14–16 қарашаға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланғанын жазғанбыз.