05:09, 12 Сәуір 2025 | GMT +5
Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады
АСТАНА. KAZNFORM — Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

— 2025 жылдың 12 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Орал, Алматы қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бұған дейін бас қалада ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды.