Қазақстанның екі командасы шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Шорт-тректен Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Шорт-трек
Фото: ҚР ҰОК

Әйелдер эстафетасында қазақстандық спортшылар Польша құрамасының құлауы мен Италия командасының жарыстан шеттетілгеніне байланысты ширек финалды бірінші орынмен аяқтады.

Сондай-ақ жартылай финалға ерлер құрамасы да өтті. Өзінің жарыс жолында Қазақстан құрамасы Канададан кейін екінші орын алды.

Аралас эстафета сайысында қазақстандық шорт-трекшілер жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, бұған дейін 1500 метр қашықтықтағы жарыстың жартылай финалына Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонова шыққан болатын.

Шорт-тректен әлем чемпионатында Әділ Ғалиахметов жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар