Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — 14 ақпан сағат 10:30–да ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

метель, буран, зима, закрыта дорога, боран, қыс, жол жабық
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Алматы облысы:

— «Астана-Қарағанды-Алматы» 955-1121шақырым аралығы (Жамбыл облысы шекарасынан — Кұрты ауылына дейін)

Жамбыл облысы:  

— «Астана-Қарағанды-Алматы» 893-955 шақырым аралығы (Бурылбайтал ауылынан — Алматы облысының шекарасына дейін).

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 15 ақпан сағат 07:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар