18:33, 10 Наурыз 2024 | GMT +5
Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — 10 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында - жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол. (Ұлытау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты).
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда қ.-Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол (жаңбыр, көктайғақ).
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 310 бірлік техника және 535 жолшы жұмылдырылған.