Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі халықаралық ESG рейтингіне енді

АСТАНА.KAZINFORM – Агенттік халықаралық Sustainable Fitch агенттігі жүргізетін бағалау бойынша ESG (экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару) саласындағы алғашқы рейтингте үшінші деңгейде бағалады.

Moody’s понизило кредитный рейтинг США
Фото: unsplash

Бұл көрсеткіш Экспорттық-кредиттік агенттігі АҚ (ЭКА) тұрақты даму стратегиясын әзірлеп, оны өз қызметіне сәтті енгізіп жатқанын, сондай-ақ қоршаған орта мен әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы саясатты тиімді жүзеге асырып жатқанын көрсетеді.

Айта кетейік, 2023 жылы ЭКА парниктік газ шығындыларын азайтуға бағытталған халықаралық ұйым – Net Zero Export Credit Agencies Alliance (NZECA) қатарына енді. Альянс 2050 жылға қарай климатқа теріс әсерді барынша азайтып, нөлдік деңгейге жеткізуді көздейді. ЭКА бұл ұйымның мүшесі ретінде отандық экспорттаушылардың төмен көміртекті экономикаға көшуіне жағдай жасап, экологиялық таза жобаларды қолдауға міндеттеме алды.

Сондай-ақ ЭКА – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. Агенттік өңдеуші сектордағы өнім экспортын қолдайды. Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісовтің айтуынша, агенттік жаңа технологиялар мен экологиялық өндірістерді дамыту арқылы ел экономикасын әртараптандыруға үлес қосып отыр.

– Бұл еліміздің шикізатқа тәуелділігін төмендетіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінде ЭКА ESG талаптарына сай келетін экспорттаушыларға сақтандыру бойынша жеңілдіктер ұсынып отыр. Бұл – қазақстандық өнімнің қоршаған ортаға кері әсерін азайтып, тұрақты даму принциптерін кеңінен енгізуге жол ашады. Ал Sustainble Fitch берген рейтинг бізді жаһандық экологиялық жауапкершілік жолында жаңа белестерге жетелейді, – деді ол.

ЭКА сақтандыру қоржынының басым бөлігі шағын және орта бизнес субъектілерінен құралған. Бұл экономикалық өсімді қолдап, кәсіпкерлерге қаржы тартуға жол ашады.

Sustainable Fitch сарапшылары ЭКА-ның корпоративтік басқару жүйесін жоғары бағалап, 2023 жылы енгізілген ESG-тәуекелдер саясаты мен сақтандыру жеңілдіктерін ерекше атап өтті.

Бұған дейін экологиялық талапты бұзған мұнай компанияларына айыппұл салынғанын хабарлағанбыз

Сондай-ақ, БҰҰ қоры еліміздегі экологиялық жобаларға қомақты қаражат бөлетіні жайлы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар