19:23, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Қазақстанның Греция мен Кипрдегі елшілері тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Тимур Шәмілұлы Сұлтанғожин Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Николай Владимирович Жұмақанов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Осыған дейін Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдаған болатын.