Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Хань Чуньлинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге айрықша мән береді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Хань Чуньлиннің дипломатиялық миссиясы екіжақты қарым-қатынастар қарқынды дамыған кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, Қазақстан тарапының Қытаймен өзара ықпалдастықтың барлық бағытына тың серпін беруге дайын екеніне тоқталды. 

Казахстан готов пМемлекет басшысы ҚХР-дың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісін қабылдадыридать дополнительный импульс всему спектру взаимодействия с Китаем – Президент
Фото: Ақорда

Хань Чуньлинь ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемі мен ықыласын жеткізіп, екі ел арасындағы мәңгі стратегиялық серіктестік жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың арқасында бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілгеніне назар аударды. Сондай-ақ елші Қытай мен Қазақстанның сан қырлы байланысын одан әрі нығайтуға және өзара ынтымақтастықтың жоғары динамикасын сақтауға бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді.

Кездесу барысында екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар