Қазақстанның Израиль, Иран және Ливандағы дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты еліміздің Израиль, Иран және Ливандағы консульдығы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Соңғы бірнеше айда Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеп жатыр. Осы елдердегі Қазақстан азаматтарымен байланыс құрылды, олармен тұрақты байланыс бар. Елдегі жағдайға байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Қазақстанның елшіліктері әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету керектігін бірнеше рет жариялады», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингіде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады.
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеу жасағанын жазған болатынбыз.
Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.
Артынша, Ұлыбритания Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптады.
Сондай-ақ Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады.