Қазақстанның қай әуе компанияларында жолаушылардың қара тізімі бар

Еліміздегі бір әуекомпанияға бортын ауыстыру туралы тапсырма берілді
Фото: avtoradio.kz

АСТАНА. KAZIFORM - Kazinform агенттігінің тілшісі қазақстандық әуе компаниялары жолаушыларды қара тізімге енгізу әдісін қолданатынын және оны қалай оңалтуға болатынын сұрап көрді.

Scat және Qazaq Air авиакомпаниялары жолаушыларды қара тізімге енгізу тәжірибесін қолданбайтынын айтты.

Ал Air Astana авиакомпаниялар тобында мұндай тізім бар.

«2023 жылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңның жаңа ережесі күшіне енген соң, авиакомпания әуе тасымалы шектелген адамдардың тізіміне жолаушыларды енгізе бастады. 2023 жылы әуе тасымалы шектеулі тұлғалардың тізіліміне екі жолаушы енген», - деп түсіндірді Air Astana баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания қара тізімдегі жолаушылар полиция немесе сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап бір жыл өткен соң тізімнен шығарылуы мүмкін екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар