Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы әйелдер саны 10 488 074 адамға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
Олардың жасы бойынша үлесі мынадай: 0-15 жас — 29,1%, 16-60 жас — 55,5%, ал 61 жастан жоғары — 15,4%. Әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 79,4 жыл.
Аймақтар бойынша ең көп әйелдер саны
-
Алматы қаласында — 1,2 млн
-
Түркістан облысында — 1 млн
-
Астана қаласында — 803,5 мың
-
Алматы облысында — 778,5 мың
Еңбек нарығында әйелдер
Қазақстанда жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі 48% құрайды, яғни шамамен 4,4 миллион әйел. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы әйелдердің үлесі 50% шамасында болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында бұл көрсеткіш 45%-ға тең.
Жұмыспен қамтылған әйелдердің салалар бойынша үлесі:
-
Білім беру — 20%
-
Сауда — 19%
-
Денсаулық сақтау — 10%
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 50,8% құрайды. Ең көп жұмыс істейтін әйелдер 35-44 жас аралығында, олардың саны 1,3 миллион адамға жетеді.
Бұдан бұрын арулар 8 наурызға қандай сыйлық күтетінін жазған едік.