Қазақстанның қай өңірінде таңқурай мен шие бағасы төмен

Kazinform бүгінде сұранысқа ие шие мен таңқурай бағасын салыстырды.

Қазақстанның қай өңірінде таңқурай мен шие бағасы төмен
Фото: Midjourney

Қазіргі кезде базарда жеміс-жидек түрі көбейді. Ал енді піскен таңқурай мен шие бағасы 500 теңгеден басталып 4 000 теңгеге жетті. Көбін тегін жарнама сайттарынан табуға болады. Сонымен бірге бау-бақша баптайтын адамдар да өз өнімін сатып жатыр.

Шие бағасы

Шие бағасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде арзан. Қызылорда, Түркістан, Шымкент пен Таразда келісі 500-700 теңгеге сатылып жатыр. 

Талдықорғанда келісі 750-1 000 теңге, Орал мен Қостанайда 800-1 000 теңге. 

Павлодар, Қонаев, Атырау мен Алматыда шиенің келісі шамамен 800-1 200 деп көрсетілген.

Ақтөбеліктер болса келісін 1 000 теңгеге, ал қарағандылықтар 1 000-1 500 теңгеге сатып алып жатыр. 

Астанада баға жоғары. Келісі - 1 600-2 300 теңге. Ал Көкшетауда баға сәл жоғары. Келісі - 1 800 теңге. 

Жезқазғанда баға 2 000 теңгеден басталып тұр. Ақтауда келісі 2 500-3 000 теңгеге сатылып жатыр. 

Шие бағасы үш өңірде жоғары. Петропавлда келісі 2 600 теңге болса, Өскемен мен Семейде тіпті 4 000 теңгеден бір келісін ала аласыз.

Қазақстанның қай өңірінде таңқурай мен шие бағасы төмен
Коллаж: Kazinform

Таңқурайдың келісі 1 500 теңгеден басталады

Таңқурай да еліміздің оңтүстік өңірінде арзан. Түркістан, Талдықорған, Алматы мен Қонаевта келісі 1 500 теңгеден басталып, 1 800 теңгеге дейін жетеді. Шымкентте таңқурайдың келісі – 1 600-2 100 теңге.

Қарағандыда баға 2 000-2 500 теңге деп көрсетілген. Ал Қызылордада баға 2 500 теңгеден басталады. 

Қостанай мен Тараз тұрғындары таңқурайдың келісін 2 500-2 700 теңгеге сатып алып жүр.

Павлодарда келісі - 2 700-2 800 теңге.

Көкшетау мен Павлодарда келісі - 2 800 теңге, ал Ақтау, Орал, Жезқазған, Семей мен Өскеменде келісі - 3000 теңге. 

Еліміздің орталығы мен батыста баға біркелкі. Ақтөбе, Атырау мен Астанада келісі 3 500-4 000 теңге. 

Еске салсақ, Kazinform бұған дейін кәді мен баялды бағасын салыстырды.

Соңғы жаңалықтар