ҚР ҰҚК кейбір жол бөліктерінде пайда болған көлік кептелісіне байланысты жағдайды түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM - Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді.

жол
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазір жағдай тұрақты.

Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:

Қазақстан-Қырғыз учаскесі («Қарасу» өткізу пункті);

Қазақстан-Өзбекстан учаскесі («Тәжен», «Қазығұрт» өткізу пункттері);

Қазақстан-Ресей учаскесінде («Сырым» өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады.

«Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Көлік құралдарын жүргізушілерге қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын түзету ұсынылады»,-делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Соңғы жаңалықтар