Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Қаладағы көрікті жерлердің бірі – Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның көк туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Фото: Kazinform

Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр. 

Еске салсақ бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Айта кетелік Президенттің Мәскеу сапарында жаңа декларацияға қол қойылады

Соңғы жаңалықтар