Қазақстанның Қорғаныс министрі Қытай Елшісімен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесуі өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге Қытай тарапынан ҚХР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасындағы әскери атташе аппаратының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалы бағыттары жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ әскери білім беру, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Осыған дейін әскери институтта ұшқышсыз ұшу аппарат мамандарын даярлайтын мектеп ашылғаны туралы жаздық.
