Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды

АСТАНА. KAZINFORM – Белгілі сәулетші Сәрсембек Жүнісов ұзақ жылдар бойы елорданы қалыптастыру бойынша жұмыс істеді. Қаланы дамытуда көптеген бастамаларды әзірлеуге белсенді қатысты. Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының әдебиет және өнер саласындағы лауреаты С. Ендібайұлы 65 жасқа толды. Осы орайда Қазақстанның құрметті сәулетшісін әңгімеге тартуды жөн көрдік.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Сәрсембек Жүнісовтің жеке мұрағатынан

— Елордамыздың қалай салынғаны туралы қысқаша айтып өтсеңіз? Шаһардың сәулеттік келбеті қалай жасалды?

— Мен қала жоспарлау саласының маманымын және елорданың құрылысына бірінші күннен бастап қатыстым. Оған дейін «Алматы бас жоспары» мекемесінде жұмыс істедім. Бірақ ол кезде Целиноградта қала құрылысы мамандары жеткілікті болмағандықтан, бұл мәселеде Алматыдағы мамандарды көмектесуге тартты. Сондықтан бас жоспар бойынша жұмысты бастап кеттік. Бас жоспар — кез келген қаланың басты құжаты. Оны даярлау үшін конкурстарға қатыстық. Естеріңізде болса, жапондық сәулетші Кисё Курокава жеңіске жетіп, бас жоспарды әзірледі, ал біз оны бейімдедік. Содан кейін оны жүзеге асыруға кірістік. Оның барысында қалаға еуразиялық немесе азиялық келбет беру жағын пысықтадық… Ұзақ талқылау болды.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Kazinform

Соның нәтижесінде бізге қазақы бейнені жасау тапсырылды. Біз бұл жағын біраз ойластырдық. Менің ойымша, кейбір басталамалар орындалды, ал кейбірі жүзеге аспай қалды. Қала құрылысының өзінде шаһардың өңірлік ерекшілігі ескерілуі тиіс. Ол нені білдіреді? Мысалы, Шымкент ыстық қала, Петропавл — суық, Алматы — тау етегіндегі қала, ал Жезқазғанда қатты жел соғады. Яғни, қаланың сипаты әрқашан өңірлік ерекшелігіне байланысты.

— Астананы қалай сипаттар едіңіз?

— Елордамыз суық екені белгілі ғой. Бұл ретте, қала осыны ескере отырып салынған. Балкондарға бірден шыны қойылып отырды. Жылыту жүйесіне және ғимараттардың құрылыс құрылымдарын қорғауға ерекше талаптар болды. Астанада қыста үйлер мен ғимараттар жылы болатындай етіп салынды, сондай-ақ жазда ыстықтан қорғайтындай шешімдер жасалды. Атап айтқанда, суықтан әрі ыстықтан да қорғайтын тиісті құрылыс материалдары пайдаланылды.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Kazinform

— Қаланың сәулет стилінде қандай ерекшеліктер болды?

— Біз үнемі жаңа бағыттарды қолдануға екпін қойдық. Бірақ өңірлік қала сәулетімен қалай ерекшеленеді? Мысалы, оңтүстіктегі сәулет бейнесінде балшықтан салынатын нысандар көп кездеседі. Солтүстікте негізінен шыны көп қолданылады, яғни бұл материал суыққа да, ыстыққа төзімді. Ең бастысы, жылу сақтайтын материалдарды қолдану керек. Қазіргі кезде басқа да көптеген материалдар бар, олар желге төзімді. Қазір әлем өзгерді. Сәйкесінше, сәулет те, стиль де өте тез өзгереді.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Kazinform

— Сәулет өнеріне неше жылыңызды арнадыңыз?

— Мен өз өмірімді осы салаға арнадым және басқа бағыттарға ешқашан мойын бұрған емеспін. Еңбек жолымды 1982 жылы «Алматыгипрогор» мекемесінде сәулетші ретінде бастадым. Содан бері осы саладамын. Қазір зейнеткермін, бірақ әлі де жұмыс істеп жатырмын. Қапшағайдағы жаңа Алатау қаласында сәулет жұмысымен айналысып отырмын. Біз жобаны аяқтадық және қазір түзетулер енгізіп жатырмыз. 30-дан астам жаңа нысан пайда болды, сондықтан түзету енгізуді шештік.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Kazinform

65 жасқа келдіңіз. Осы жылдар ішінде көптеген марапаттар болды. Олардың қайсысын ең үлкен жетістігіңіз деп санайсыз?

— Бізде Астананың орталығы бойынша қызық жоба болды, оны жүзеге асырғанымыз үшін мемлекеттік сыйлық алдық. Оны ең үлкен жетістігім деп санаймын. Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін берілді.

— Балаларыңыз да сіздің жолыңызды жалғастырды ма?

— Екі балам, екі немерем бар. Балалар менің ізіммен жүріп келеді. Үлкені — сәулетші, кішісі — қала құрылысының маманы. Бізде кеңестік білім болды, бірден «сәулетші-қала құрылысшысы» деген мамандық берілетін.

Қазақстанның құрметті сәулетшісі Сәрсембек Жүнісов 65 жасқа толды
Фото: Kazinform

Өз мерейтойыңызда қандай жоспарларыңыз бар?

— Сүйікті кәсібім бар. Сондықтан осы мол тәжірибем мен білімімді пайдаланғым келеді. Астананы жоспарлауға қатыстым, Түркістанның бас жоспарын толық орындауға үлес қостым. Конкурста екі рет 1-орын алдық. Біз Шымкент қаласының сәулетімен айналыстық, қазір Алатау қаласын дамытуға атсалысып жатырмыз. Басқа да қалаларда бас жоспарды даярлау керек болса, оған да қатысамыз деп санаймын.

Әрине, Астана тұрғыны болғандықтан, елорданың дамуын естен шығармаймыз. Жақсы жобаларға қуанамыз, ал кемшін тұстары байқалса, сынап жатамыз. Сәулет өнері — ол терең шығармашылықтың кәсібі. Уақытың күні бойы жұмыста өтеді, яғни таңертең кетіп, түнде үйге қайтасың. Сәулет өнерінде бір жобаны жасаған кезде, бастапқыда жақсы болып көрінеді, бірақ соңында кенеттен ұнамай қалады. Кейін оны қайта жасауға көп уақытың кетеді. Мұндай жағдайлар өз тәжірибемде кездескен еді. Ең бастысы, нәтиже болуы үшін тапжылмай жұмысыңды жалғастыратындай мінез танытуың керек.

— Сұхбатыңызға рахмет!

Соңғы жаңалықтар