Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілері тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның Марокко Корольдігі мен Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

ы
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

- Айнұр Нұрланқызы Дәненова Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Олжас Әзілұлы Исабеков Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, делінген құжатта.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Того Республикасындағы елші қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған еді.