Мемлекет басшысы Сәулекүл Сайлауқызын елші қызметінен босатты
АСТАНА. KAZINFORM — Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Көшербаев Аустрияға, Тұқымов Пәкістанға елші болып тағайындалды.