Қазақстанның оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрып, шығысында қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 5–6 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз және қауіпті метеорологиялық құбылыс күтіледі. 

осень
Фото: pexels

Алматы облысында 5 қазанда таулы аудандарда тұман, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 5–6 қазанда оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 4–6 қазан аралығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 5 қазанда солтүстігі мен батысында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Өңірдің шөлді және таулы аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент пен Түркістан қалаларында да 5 қазанда желдің күші 15–20 м/с жетіп, Түркістанда шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысында 5 қазанда күндіз орталығы мен шығысында шаңды дауыл соғады, желдің екпіні 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Жетісу облысында 5 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғып, шығысы мен орталығында екпіні 15–20, кей уақытта 23–28 м/с жетеді. Түнде солтүстігі мен орталығында 1–3 градус үсік күтіледі.

Талдықорғанда желдің екпіні 15–20 м/с, түнде үсік 1–3 градус болады.

Жамбыл облысында 5 қазанда таулы аудандарда тұман, ал оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және тауларда желдің күші 15–20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында 5 қазанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірдің бірқатар бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында 5 қазанда күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың көп бөлігінде төтенше және жоғары өрт қаупі бар.

Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Маңғыстау облысында 5 қазанда күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғып, жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Өңірдің батысы мен солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл және желдің 15–18 м/с екпіні күтіледі.

Абай облысында 5 қазанда түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында 5 қазанда түнде солтүстігі мен шығысында қатты қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің күші 15–20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында 5 қазанда күндіз батыстан соққан жел 15–20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар