Қазақстанның оңтүстігінде әлі де күншуақты ауа райы сақталады

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМҚ күздің соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Қазгидромет

— Биылғы күз қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантып отыр. Қараша айының соңына қарамастан, Қазақстанның оңтүстігінде жылы әрі күншуақты ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы +13…+18°С аралығында болжанады, — деп жазды Қазгидромет. 

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік өңірлерде жауын-шашын болады.

— Солтүстік-батыс циклоны республиканың солтүстік жартысы арқылы жылдам жылжи отырып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Алайда температуралық фон біршама қолайлы болып сақталады: түнде –0…–5°С, күндіз 0…+5°С күтіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет компаниясы алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды.

Алдын ала болжам бойынша республиканың басым бөлігінде қыс мезгілі қоңыржай жылы болады, жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында күтіледі. Бірақ кейбір кезеңде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ құбылыстары, тұман, мол жауын-шашынның түсуі болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар