Қазақстанның ірі қалаларында түнде экспресс-маршруттар қатынауы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметі мәлім етті.

Қазақстанның ірі қалаларында түнде экспресс-маршруттар қатынауы мүмкін
Фото: Үкімет

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе.

– Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет, – делінген хабарламада.

Қазақстанның ірі қалаларында түнде экспресс-маршруттар қатынауы мүмкін
Фото: Үкімет

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 5 жұлдызды қанша қонақүй бар екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар