Қазақстанның үш өңірінде діни экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды

ағым
Фото: ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстремизмде күдікті адамдарды ұстады. 

дін
Фото: ҰҚК

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп айыпталып отыр. 

экстремизм
Фото: ҰҚК

Тұрғылықты жерін тінтігенде көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдеме алынған. 

«Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын сот шешеді» делінген комитет хабарламасында. 

экстремизм
Фото: ҰҚК

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

дін
Фото: ҰҚК

 

Соңғы жаңалықтар