Қазақстанның зейнетақы жүйесінде реформа қалай жүзеге асады

зейнеткер
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин ҰБ басшысы Тимур Сүлейменовтің зейнетақы жүйесін реформалау қажеттігі туралы бұған дейін айтқан пікіріне түсінік берді.

«Зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты инвестициялық саясатты түбегейлі өзгерту туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл ретте, отандық қаржылық тетіктері де, шетел валютасы да болады. Атап айтқанда, қазір зейнетақы жинақтарының жеткілікті деңгейде болуына нәзар аударылған. Себебі осыған дейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік жасалғанын, сондай-ақ жалпы халықтың зейнетақы табысының төмен екенін ескеру керек. Өте сирек төлейтін немесе аз төлейтіндер көп», — деді В. Тутушкин Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне толықтай енбей қалған азаматтарды тартудың жаңа тетіктерін әзірлеп, жинақтарды ұлғайту мүмкіндіктерін арттыру қажет.

«Сонымен қатар, қандай қосымша элементтер енгізіліп жатқанына қатысты сұрақтар да бар. Мәселен, биылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді. Бұл өз кезегінде жинақпен қамтамасыз етудің өсуіне ықпал етеді. Оның үстіне, механизмнің өзі он жыл бұрын қабылданған, яғни тиісті өзгерістерді қажет етеді. Халықты зейнетақы жүйесімен қамту ету толыққанды болуы керек. Өйткені қамтылмағандар зейнет жасына жеткенде кедейшілік шегінде қалады», — дедң ҰБ өкілі. 

Бірақ В.Тутушкин қазақстандықтардың зейнетақы кірісі қалай өсетінін және қайда инвестициялау керек екенін нақты айта алмады.

«Мен бұл тақырып бойынша қазір нақты пікір айтуға дайын емеспін, себебі ол жұмыс енді ғана басталды», — деді Виталий Тутушкин.

Еске салсақ, жақында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазіргі қолданыстағы зейнетақы жүйесін реформалау қажет болатынын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар